«З» Әрпімен таныс бол.

Қазақ ересек тобында Сауат ашу пәнінен балалар, «З»  әріпімен танысты.

Мақсаты:1.Балаларды «З» дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдауға және сөздердің мағнасын ашуға үйрету.

2. «З» дыбысы бар сөздердің мағынасын аша отырып балалардың сөздік қорын молайту.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Таза,сауатты көркем жазуға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.Оқушыларды бір-біріне көмектесе білуге, тапсырманы дұрыс орындауға, бір-бірін тындауға тәрбиелеу.

 

1тапрсырма: Суреттегі заттарды ата. Қару-жарақтарды көк түспен, музыкалық аспаптарды қызыл түспен қоршап сыз.Артық зат қайсысы?

2 тапрсырма: З әрпін қақпақтардан құрастыру.

3 тапрсырма:8 санын тігінен екіге бөлу.Қай жағы з әрпі болады?Жауабы болған жағын боя.

4 тапрсырма: Тыңда. «З» әрпі өзен жағасында ойнап жүр еді.Зауза қоңызы ызылдап оның мазасын алды.Бір кезде ол өзінің судағы бейнесін көріп қалды. «Ой,үштік,су өте суық қой!»-деп айғалады.Үштіктің аузы ғана жыбырлады. «З» әрпі түк түсінбей қалды.(тақырып бойынша зерттеу өткізілді)

5 тапрсырма: Көркем жазу.