17.03.2026
Бүгін «Мирас» бөбекжайында ересек және мектепалды даярлық топтарында бүлдіршіндерді қазақ халқының бай ауыз әдебиетімен таныстыру мақсатында «Ер-Төстіктің ерлігі» атты танымдық сабақтар ұйымдастырылды.
Сабақ барысында балалар Ер Төстік ертегісінің мазмұнымен танысып, кейіпкерлердің ерлігі мен батылдығы туралы мағлұмат алды. Ертегі желісі арқылы бүлдіршіндер жақсылық пен жамандықты ажыратуды, достық пен батырлықтың мәнін түсінуді үйренді.
Тәрбиешілер сабақтарды қызықты әрі әсерлі өткізу үшін көрнекі құралдар мен ойын элементтерін тиімді пайдаланды. Балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сабаққа қатысқан бүлдіршіндер ерекше белсенділік танытып, ертегі бойынша өз білімдерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп отырды. Бұл олардың тіл байлығы мен ойлау қабілетінің дамуына оң ықпал етті.
Аталған шара бүлдіршіндердің қазақ ертегілеріне деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруге мүмкіндік берді.