«Педагог және Заң» ақпараттық сағаты

19.06.2026

📚 «Педагог және Заң» ақпараттық сағаты

«Мирас» бөбекжай-бақшасында педагогтермен «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында білім беру саласындағы заңнаманы сақтау, педагогтің кәсіби әдебі, педагог қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ кәсіби қызметтегі құқықтық мәдениет пен жауапкершіліктің маңыздылығы мәселелері қарастырылды.

Ақпараттық сағат презентациялық материалдарды пайдалана отырып, әңгімелесу форматында өтті. Педагогтер заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

⚖️ Заң талаптарын сақтау және кәсіби жауапкершілік – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудің маңызды негізі.

Просмотров: 723


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст