Текст
04.08.2026
Мектепалды даярлық тобында «Жаз» тақырыбында жұмбақтар сайысы өтті.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер жаз мезгіліне қатысты табиғат құбылыстары, өсімдіктер, жануарлар және жазғы демалыс туралы жұмбақтарды қызығушылықпен шешті. Балалар өз білімдерін, тапқырлықтарын, зейіндерін және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Осындай іс-шаралар балалардың танымдық қызығушылығын, сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін дамытуға және дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.