Текст
04.08.2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында балабақша тәрбиеленушілері аумақты абаттандыру жұмыстарына қатысты. Балалар педагогтермен бірге арамшөптерді жұлып, гүлдер мен өсімдіктерді суарды.
Мұндай іс-шаралар балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін, жауапкершілік сезімін, табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастырып, экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.