Текст
04.08.2026
Абай күніне орай мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында «Әсемпаз болма әрнеге» республикалық көркемсөз оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.
«Мирас» бөбекжайының тәрбиеленушісі Ильяс Аңсар байқауда өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, қорытындысы бойынша І орынға ие болды.
Байқауға қатысушыны тәрбиеші Шурманова Даметкен Галымовна дайындады. Педагогтің кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің нәтижесінде тәрбиеленуші мәнерлеп оқу шеберлігі мен сахна мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетті.
Ильяс Аңсарды, жетекшісі Шурманова Даметкен Галымовна және ата-анасын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!