Тамыз конференция
24.08.2026
2026 жылғы тамыз конференциясы
2026 жылғы аудандық тамыз конференциясы аясында «Жаңа халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту — білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен мектепалды даярлық сыныптары мұғалімдерінің аудандық қауымдастығы аясында семинар өтті.
Семинар барысында біздің педагогтеріміз белсенді қатысып, мектепке дейінгі білім берудегі заманауи тәсілдерге арналған өзекті тақырыптар бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
🤖 Қожабекова Вайда Қалқаманқызы
«Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің (педагогінің) жұмысындағы жасанды интеллект: заманауи мүмкіндіктер, практикалық құралдар және қауіпсіз пайдалану» тақырыбында баяндама жасады.
🎲 Бежко Лилия Владимировна
«Мектепалды даярлықтағы тәрбиешінің жұмысындағы ойын технологиялары: ойын арқылы оқуға деген ынтаны қалыптастыру» тақырыбын таныстырды.
Мұндай іс-шараларға қатысу — кәсіби тәжірибемен бөлісуге, заманауи білім беру технологияларымен танысуға және балалармен жұмыс барысында қолдануға болатын жаңа идеялармен шабыттануға мүмкіндік береді. 🌿